Accessibility links

Боснияда тағы 2 серб жауынгеріне айыптар тағылып, үшінші күдікті қолға түсті


САРАЕВО: Босния сербтерінің бұрынғы 2 жауынгеріне 1992-1995-інші жылдардағы соғыс қимылдары кезінде “соғыс қылмыстарын істеді” деген айыптар тағылды. Босниядағы сот 1992-нші жылы Мирко Тодорович пен Милош Радич - Братунац қаласынан шығысқа қарай орналасқан Борковац ауылында 7 мұсылманды дарға асып өлтіруге қатысты деп есептейді. Ал осы кезде Боснияның солтүстігіндегі Прийедор қаласында “соғыс қылмыстарын істеді” деп айыпталған тағы бір серб қолға түсті.
XS
SM
MD
LG