ИЕРУСАЛИМ: Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер ретінде қатысушы “квартетке” жататын Еуроодақ пен БҰҰ-ының, АҚШ пен Ресейдің ресми өкілдері бүгін Палестина автономиясы мен Израиль лидерлерімен кездесуге тиіс. Иерусалимде өтетін бұл кездесуден 1 күн бұрын Палестина автономиясының төрағасы М.Аббаспен Мысырда болып өткен келіссөзінің барысында Израиль премьер-министрі Э.Ольмерт М.Аббас саяси лидері болып табылатын “ФАТХ” қозғалысының Израиль түрмелерінде отырған 250 мүшесін босатуға уәде берді. Газа аймағына толық бақылау орнатқан “Хамас” ұйымына қарсы тұрған М.Аббасқа көмек беру – осы кездесудің басты мақсаты болып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сталинизм құрбандары
"Халқым үшін қаралы күн". Балқар халқы 8 наурызды неге тойламайды?
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV