Адамдарды кепілдікке алу Беслан дағдарысы құрбандарының бір топ туысы Еуропа сотына Ресей мемлекетінің үстінен біріккен шағым түсірді. Барлығы 89 азамат дағдарыс кезінде және одан кейін болған соттарда құқықтарымыз бұзылды дейді. Ресей Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына қатысады, сондықтан Ресей соттарында шешім таппаған азаматтар Францияның Страсбург қаласында орналасқан осы сотқа шағым түсіре алады. Шағым мемлекеттің үстінен беріледі. 2004 жылы Беслан дағдарысында 330-дан астам адам қаза тапты, олардың көбі бала-шаға.