ЕРЕВАН: Бүгін Армения парламенті шетелдік баспасөздің хабарларын таратуға едәуір шектеу қоятын заң жобасын дауысқа салуға тиіс. Заң жобасына сәйкес, шетелдік ақпарат құралына дайындаған әрбір бағдарламасы үшін армян журналистері 280 АҚШ долларына тең мөлшерде салық төлеуге міндетті болады. Бұл – журналистердің жергілікті бағдарламалары үшін төлейтін салықтың көлемінен 70 есе артық. Сонымен қатар заң жобасында мемлекеттің бақылауындағы қоғамдық телеарналар мен радиокомпаниялар эфирге шығатын жиіліктерден шетелдік баспасөздің хабарларын беруге тыйым салынады.