Accessibility links

Иран үкіметі АҚШ Теһран мен Бағдадты “араздатуға тырысады” деп санайды


ТЕҺРАН: Бүгін Иранның рухани лидері аятолла Әли Хаменей ресми теһранның Ирақ үкіметін шындап қолдайтынын мәлімдеп, Теһран мен Бағдадтың арасынан “араздық туғызуға тырысады” деп Америка Құрама Штаттарын айыптады. Мұндай пікірін Ә.Хаменей бүгін Теһранда Ирақ преиденті Ж.Талабанимен кездесуінде айтты. Талабанидің мәлімдеуінше, Ирақ үкіметі Иранмен арадағы байланысын нығайтуға күш жұмсайды. Сонымен қатар Ж.Талабани Иран президенті М.Ахмадинеджадқа жолықты және Теһран аурухасында ісік дертінен емделіп жатқан Ирақтағы шийттердің көрнекті саяси қайраткері Әбді Әл-Әзиз Әл-Хакимге кіріп шықпақшы.
XS
SM
MD
LG