БАҒДАД: Бүгін Бағдадта автобомбаның жарылысынан кем дегенде 25 адам қаза болды және 40-тан аса кісі жараланды. Террористік қастандық қаланың негізінен шийттер тұратын Байя ауданындағы автобекетте іске асырылып, 40-қа жуық өзге автокөлік өртеніп кетті. Бағдадтың орталығы минаатқыштан атқыланып, тағы 2 адам мерт болды, 14 кісі жараланды. Оған қоса Ұлыбританияның қарулы күштері хабарлағандай, бүгін Ирақтың оңтүстігіндегі Әл-Басра қаласында жол бойындағы бомбаның жарылысынан 3 британ жауынгері көз жұмды.