27 маусым күні кешкісін ВИЧ дертіне байналысты үкім шығарған Шымкенттегі сот алдында осы істе айыпты деп танылғандардың туыстары мен әріптестері наразылық шарасын өткізді. Олар өздерінің сот шешімімен келіспейтінін айтып, «егер басшылар шартты түрде жазасын өтейтін болса, онда қарамағындағы жай қызметкерлер босатылуы керек» деген талаптар қойды. Алайда шара ұзаққа созылмай, наразылық танытушылар тез тарап кетті. Ал сот шешіміне қосылмайтынын деген «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық қорының төрағасы Сағадат Масауровтың айтуынша, соттың әділ шешім шығаруын талап етушілер, енді наразылық шарасын жасаудың орнына жоғары тұрған билік мекемелеріне хат жазып, соттың шешімін қайта қарауды өтінбек.
- Қазір біз шеру жасаудың қажеті жоқ деп отырмыз. Өйткені оны халық қолдамаса, 5-6 адам шыққанменен ол не болады? Біздің халықтың жағдайы белгілі ғой, әркім балапан басымен, тұрымтай тұсымен болып жүр. Біздің халық көшеге шығып, өз наразылықтарын айтуға үйренбеген, - деді Сағадат Масауров.
Сондай-ақ, Сағадат Масауровтың айтуынша, ВИЧ індеті жұққан балалардың туған-туысқандары да сот шешіміне қатты наразы.
Ал Шымкенттегі оқиғаны зерттеу мақсатымен 2006 жылы күзде құрылған комиссияның төрағасы болған, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов сот шешімінің әділетсіз болғандығын былайша білдіреді.
- Бұл жерде кездейсоқ адамдар кінәлі болып қалды. Алайда ұйымдастырушы Тасмағамбетова, Байхарашевтар кінәлі болуы керек еді. Олар 2006 жылы ақпан айында белгілі болған оқиғаны жасырып келді. Егер оны уақытында тоқтатса, осыншама ауру болмас еді. Сол кезде айқай-шу көтеріп, профилактика жүргізу керек еді. Бізде сот мәселесінде әділеттілік деген жоқ қой. Сондықтан қарапайым адамдар түрмеге отырып, билікке жақын адамдар бостандыққа шығады. Міне, өкінішке орай, бізде осындай жүйе, - дейді Ерасыл Әбілқасымов.
Алматыдағы Хельсинки шарты ұйымының төрайымы Нинель Фокина бұл жайында былай дейді:
- Сот құжаттарымен толық таныс болмағасын маған қандай да бір баға беру қиын. Алайда осы ақпаратпен бірге Жамбыл облысында медицина қызметкерінің пара алды деген айыппен 8 жылға бас бостандығынан айрылғандығы жөнінде ақпарат та тарады. Әрине, пара алу ауыр қылмыс. Алайда пара алуды Шымкенттегі қаншама адамның өмірін қиған оқиғамен салыстыруға болмайды. Мен жауыз адам емеспін. Адамдардың ауыр жазаға кесілгенінен, олардың жақсы болып кететіне де сенбеймін. Алайда оқиғаға шын жауапты адамдардың ауыр жазаланбауы дұрыс емес. Ал айыбы дәлелденбегендердің жазықсыз сотталып кете беруі бізді таң қалдырмайды.
27 маусым күні Шымкентте ВИЧ дертіне байланысты сот үкімі шыққан болатын. Айыпты деп танылған 21 адамның 16-сы әр жылға бас бостандығын айырылған болса, араларында облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы бар тағы 5-уі шарты түрде айыптарын өтейтін болды.