БАҒДАД: Бүгін Бағдадтан оңтүстікке қарай орын тепкен Салман-Бак қаласында бастары жоқ 20 ер адамның мәйіттері табылды. Ал Бағдадтың өзінде автобомбаның жарылысынан кем дегенде 25 адам қаза болды және 40-тан аса кісі жараланды. Қастандық қаланың негізінен шийттер тұратын Байя ауданындағы автобекетте іске асырылып, 40-қа жуық өзге автокөлік өртенді. Бағдадтың орталығы минаатқыштан атқыланып, тағы 2 адам мерт болды, 14 кісі жараланды. Оған қоса Ұлыбританияның қарулы күштері хабарлағандай, бүгін Ирақтың оңтүстігіндегі Әл-Басра қаласында жол бойындағы бомбаның жарылысынан 3 британ жауынгері көз жұмды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?