Accessibility links

Ресейдің атом энергиясы бойынша экс-министрімен бірге айыпталған кісі абақтыға жабылды


Ресейдің атом энергиясы бойынша бұрынғы министріне 9 миллион АҚШ долларын ұрлауға көмектесті деп айыпталған кісі салық төлеуден бас тартқаны үшін 15 айға түрмеге жабылды. Украинадан шыққан қазір АҚШ-та тұратын Марк Каушански өткен жылы өз айыбын мойындаған болатын. АҚШ прокурорларының айтуынша, Ресейдің атом энергиясы бойынша бұрынғы министрі Евгений Адамовқа тағылған айыптар сол күйінде қалып отыр.
XS
SM
MD
LG