Венесуэла президенті Уго Чавес пен Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіде екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Уго Чавес оның алдында Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізген болатын. Минскіден кейін Венесуэла президенті бүгін Ресейге қайта барып, Путинмен тағы да кездесетін болады. Ресей заңшығарушыларының айтуынша, Уго Чавес Ресейдің сүңгуір қайықтарын сатып алуға қызыққан.