Human Rights Watch Арменияға хабарлар тарататын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына, атап айтқанда «Азаттық» радиосына қарсы қатаң шараларды қарастырған заң жобасы қабылданбасын дейді. Мәлімдемеде заң мақұлданған жағдайда армян тыңдаушылары тәуелсіз, еркін ақпарат алу хұқынан айрылады деп атап көрсетілген. Армения парламенті аталған заң жобасын жұма күні бірінші оқылымында мақұлдаған-ды, екінші оқылымы дүйсенбі күні өткізілуі тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты