Accessibility links

В.Путин – Дж.Буштың әкесінің үйінде қонақта болып, көп проблеманы талқылайды


КЕННЕБАНКПОРТ. АҚШ: Бүгін АҚШ пен Ресей президенттері - Джордж Буш пен Владимир Путин – АҚШ-тың Атлантика мұхитының жағалауында кездесуге тиіс. АҚШ президенті Ресей лидерін Мэн штатындағы Кеннебанкпорт мекенінде орналасқан өзінің отбасы тұратын үйге қонаққа шақырды. Оның барысында Дж.Буш пен В.Путин ауқымды халықаралық проблемаларды, оның ішінде АҚШ-тың зымырандық соққыдан қорғану жүйесін Шығыс Еуропаға орналастыру жоспарын және Ресейдегі демократия мен адам құқының ахуалын талқылауға тиіс.
XS
SM
MD
LG