Accessibility links

Британ полициясы террористік шабуыл жасамақ болды деген күдікпен 4 адамды ұстады


ЛОНДОН-ГЛАЗГО: Бүгін Шотландия полициясы сенбі күні Глазго қаласының әуежайына жасалған шабуылға және Лондонда бомба орнатылған 2 автокөліктің аңғарылуына байланысты қаланың төңірегінде іздестіру, тінту шараларын жүргізу үстінде. Әзірше британ полициясы террористік қастандық ұйымдастырмақ болды деген күдікпен 2 адамды және Глазго қаласындағы әуе жайдың бас терминалын газ бөшкелері тиілген джип автокөлігімен соққан 2 азиялық азаматты қолға түсірді. Біреуінің білінде “шаһид белбеуі” болған көрінеді. Ұлыбритания үкіметі бүкіл елде қауіпсіздіктің ең қатаң шарасын қабылдады.
XS
SM
MD
LG