КАБУЛ: Бүгін Ауғанстан президенті Х.Қарзай елдің оңтүстігіндегі тәліптер бекініп алған 2 қышлаққа 29-ыншы маусым күні АҚШ әскері мен НАТО күштерінің әуеден соққы беріп, көбіне бейбіт тұрғындарды қырған оқиғаны тергейтін комиссияны тағайындады. 2 қышлақ көсемдерінің жергілікті билікке хабарлағанындай, АҚШ пен НАТО күштері Гильменд облысының 2 қышлағына әуеден берген соққысының салдарынан құрбан болған 45 тұрғынның мәйіттерін қайтарып берді. Бірақ нақты қанша тұрғынның қаза болғаны белгісіз. Оны үкімет пен парламент мүшелерінен құрылған комиссия тергеуге тиіс.