Accessibility links

Түркіменстанның зейнеткерлеріне зейнетақы қайта беріле бастайды


АШХАБАД: Бүгін Түркіменстанда халықты әлеуметтік қамсыздандыру туралы жаңа заң күшіне енді. Парламенттің наурыз айында қабылдаған жаңа заңы зейнетақы жүйесін жетілдіріп, зейнеткерлерді мен соғыс ардагерлерін, мүгедектер мен емшектегі баласы бар аналарға әлеуметтік және қаржылай кепілдік береді. Жаңа заңға сәйкес, зейнетке шыққан дихандарға 2006-ншы жылдың 1-інші қаңарынан бері қарай доғарылған зейнетақы қайта беріле бастайды. 2-нші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жесірлеріне берілетін зейнетақы 1 млн. манатқа және 190 долларға дейін ұлғайтылады.
XS
SM
MD
LG