Accessibility links

Владимир Путин АҚШ президенті Джордж Буштың жеке үйінде демалып жатыр


Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Джордж Буштың отбасының жеке үйіне, Кеннебанкпорт қаласына келіп жетті. Атлантика мұхитының жағалауында орналасқан үйде Путин екі күн қонақ болады. Екі президенттің кездесуі АҚШ пен Ресей қатынастары қиындап тұрған кезеңде орын алып отыр. Америка Құрама Штаттары Чехия мен Польшада зымыраннан қорғану жүйесін орнатпақ, Ресей бұған үзілді-кесілді қарсы. Екі мемлекет Сербиядан бөлініп жатқан Косовоның болашақ мәртебесі жайында да қарамақайшы пікірде. АҚШ-тың пайымдауынша, Ресей Иранның қарамақайшы ядролық бағдарламасы жайында көбірек қысым жасаса жөн.
XS
SM
MD
LG