Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану мәселесімен айналысатын жоғары өкілдігіне Бразилия дипломаты Серджио де Куироз Дуарте тағайындалды. Ол бас хатшының орынбасары деңгейінде қызмет атқаратын болды. Серджио де Куироз Дуарте – тәжирибелі дипломат, Женева қаласында орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану комитетінде Бразилия делегациясының мүшесі болды.