АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі екіжақты қарым-қатынастар біршама күрделеніп тұрған шақта өтіп жатыр. В.Путин Мэн штатындағы Буштың ата-анасының отбасылық мекен-жайына жексенбі күні барған болатын. Қос президент достық пейілде жалғасқан бірнеше сағаттық әңгімелесу өткізген. Бір тәулікке созылатын саммит АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастар АҚШ-ың Европада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатпақшы жоспары мен Косово мәртебесі, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі пікірталастар тұрғысында шиеленсіп тұрған кезеңде өтуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
AzattyqTV