Лондонда бомба жасырылған көліктер табылып, Глазгодағы әуежайға өртеніп келе жатқан машина соғылғаннан бері Британияда террорлық актілер дайындауға қатысы бар деп күдіктелгендер ұсталуда. Қауіпсіздік шегі ең жоғарғы дағдарысты деңгейінде қалып отыр. Полиция ұсталғандардың 5-і британдық емес дейді. Әуежай терминалына соғылған көлікте болған екеудің бірі қатты күйікке шалынғандықтан, оның денсаулық жағдайы ауыр қалпында. Тағы бір күдікті қашып жүрген болуы мүмкін делініп, оған іздеу жарияланған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?