Accessibility links

Қазақстан Австриядан Рахат Әлиевті тезірек экстрадициялауды сұрауда


İшкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Бағдат Қожахметов Австрияға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті жылдамырақ қайтаруын сұраған өтініш жасалғанын айтты. Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевке қарсы адам ұрлады, шабуыл жасады, қылмыстық топ құрды деген айыптармен Қазақстанда қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметінен босатылған күйеу баланы Австрия билігі маусым айының басында тұтқындағанымен, кейінірек ол кепілдікпен босатылған.
XS
SM
MD
LG