Accessibility links

2014-жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қала – сәрсенбі күні жарияналады


ГВАТАМЕЛА: Бүгін Гватемалада Ресей президенті В.Путин Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Роггемен кездесті. Бұл кездесу 2014-інші жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалалардың ресми таныстырылымы аясында өтті. 2014-інші жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқына Ресейдің Сочи, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан және Аустрияның Зальцбург қалалары таласу үстінде. Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласы осы байқаудың алғашқы турынан-ақ өтпей қалған болатын. Оның есесіне қазір Алматы - 2011-інші жылғы қысқы Азия ойындарын өткізуге әзірлену үстінде.
XS
SM
MD
LG