КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар облысында ауған армиясы мен НАТО күштері бірлесіп 33 тәліптің көзін жойды. Облыс әкімі Асадулла Халидтің хабарлауынша, сонымен қатар Жари ауданында түнде іске асырылған операцияның нәтижесінде 4 тәліп тұтқынға түсті. Ауған армиясы мен НАТО күштері шығынға ұшырамаған. А.Халидтің атап көрсетуінше, бұл операция жол бойына орнатылған минадан 7 полицей құрбан болған соң жүзеге асырылды.