Accessibility links

Арменияға “Азаттық” Радиосының бағдарламасын таратуға бөгет қойылуы мүмкін


ЕРЕВАН: Бүгін Армения парламенті шетелдік баспасөз құралдарының, оның ішінде “Азат Еуропа/Азаттық” Радиосының хабар беруіне шектеу қоятын заң жобасын екінші де соңғы оқылымында талдау үстінде. Армян парламентарийлері ол заң жобасын дауысқа салуды бүгінгі күнге қалдырған болатын. Шетелдік баспасөздің хабарларын қоғамдық телеарналар мен радио жиіліктерден беруге тосқауыл қоятын және шетел бағдарламаларын беретін жеке-меншікті радиокомпаниялардың төлейтін салығын күрт өсіруді қарастыратын заң жобасы өткен жұмада бірінші оқылымында талқылауға қабылданды.
XS
SM
MD
LG