Accessibility links

Арменияда шетелдік баспасөзге шектеу қоятын заң қабылданбай қалды


ЕРЕВАН: Бүгін Армения парламентінде шетелдік баспасөз құралдарының, оның ішінде “Азат Еуропа/Азаттық” Радиосының хабар беруіне шектеу қоятын заң жобасын ақырғы оқылымында қабылдау үшін дауыс жетпей қалды. Бұл заң жобасы қабылданған күнде, шетелдік баспасөздің хабарларын қоғамдық телеарналар мен радио жиіліктерден беруге тосқауыл қойылып, шетел баспасөздің бағдарламаларын Арменияға тарататын жеке-меншікті радиокомпаниялардың төлейтін салығы күрт өсетін еді.
XS
SM
MD
LG