Accessibility links

Бұрынғы АҚШ елшісі Джэймс Коллинс Путин-Буш саммиті жөнінде не дейді?


Кеннебанкпорттағы саммит барысында ауа-райы тамаша болып, АҚШ пен Ресей президенттерінің көңіл-күйлерін көтеріңкі болды. Ал талдаушылар шын мәнінде ол саммиттің қорытындысын қалай бағалап отыр? «Азаттық» радиосы 1997-2001 жылдар аралығында АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болған, ал қазір Вашингтондағы Халықаралық Бейбітшілік үшін Карнеги қорында Ресей мен Евразия бағдарламасының директоры Джэймс Коллинспен сұхбат өткізген болатын.

«Азаттық» радиосы: Көптеген ақпарат құралдары жалпы Кеннебанкпорттағы саммитте президент Буш пен Путин жақсы уақыт өкізді, бірақ аса үлкен келісімге келмеді деп хабарлауда. Бұл тұрғыдағы сіздің пікіріңіз?

Джэймс Коллинс: Мен бұл онша дұрыс емес деп есептеймін. Біріншіден, олар келіссөздерін аяқтап, жұма күні олар бөлім 1-2-3 келісіміне қол қойды. Мұның өзі үлкен мәселе.

«Азаттық» радиосы: Ал бұл келісім қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

Джэймс Коллинс: 1-2-3 келісімі шеңберінде кез келген азаматтық ядролық мәселелер жөнінде Америка Құрама Штаттары екінші елмен ынтымықтасуға тиіс болады. Бұл келісім бойынша, екі елдің бүкіл азаматтық ядролық қауымдастықтары үшін олардың бірге жұмыс істеулеріне енді ашық мүмкіндіктер беріледі. Бұл - осы уақытқа дейін болмаған. Ақпаратпен бөлісу мәселесіне қатысты әртүрлі шектеулер мен ескертулер және тағы басқа проблемалар болатын. Шын мәнінде, азаматтық ядролық мәселелрге байланысты ынтымақтастық саласында біз енді үлкен қадам жасап жатқан сияқтымыз.

«Азаттық» радиосы: Саммиттегі ең үлкен мәселе, яғни АҚШ-тың Польша мен Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты Ресейдің қарсы болып отырғанына тоқтала кетсеңіз?

Джэймс Коллинс: Екі ел президенттері Польша мен Чехиядағы бағдарламаларды жою мақсатында бір келісімге келді деп ойламаймын. Бірақ маған қызық болып көрінгені, біріншіден, Путин зымыраннан қорғанысқа байланысты қосымша орындар жайлы жаңа идеялар ұсынды. Ол, сондай-ақ, Мәскеуде бірлескен ақпарат орталығын ашу идеясын айтты. Путин, сонымен қатар, зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты диалогты кеңейтіп, оған Еуропалықтарды да шақыру керек екендігін айтты.

«Азаттық» радиосы: Ал енді Иран мәселесіне келсек... АҚШ пен Ресей президенттері Иранның ядролық амбицияларын тоқтату мақсатында нақты әрекет жөнінде бір келісімге келмеген сияқты ғой? Бұған не дер едіңіз?

Джэймс Коллинс: Меніңше, олар Иранға байланысты келесі қадамдар туралы бір келісім жасаған жоқ, сонымен қатар, ешқандай ұйғарымға да келмеді.
XS
SM
MD
LG