Accessibility links

Британия үкіметі мигрант жұмыскерлеріне қатысты тексерулерін кеңейтпекші


Британия премьер-министрі Гордон Браунның мәлімдеуінше, Британия үкіметі тәжірибелі мигрант жұмыскерлеріне байланысты тексерулерін кеңейтіп, денсаулық сақтау қызметіне жаңа қызметкерлерді алу мәселесін қайта қарастыратын болады. Бұл туралы Гордон Браун бүгін парламентте сөйлеген сөзінде айтты. Өткен аптада Лондон мен Глазгода жарылыс жасамақшы болды делінген оқиғаларға қатысты 8 күдікті адам ұсталған болатын. Олардың көбі шетел азаматтары екені анықталды. Олар Британияның Ұлттық Денсаулық сақтау қызметі тарапынан жұмысқа алынған.
XS
SM
MD
LG