Газа айлағында кепілдіктен босатылған БиБиСи компаниясының тілшісі Алан Джонстон баспасөз-мәслихатын Иерусалим қаласында өткізді. Төрт ай исламшылдардың қолында болған британиялық журналист "азат адам болуға ештеңе жетпейді" деп сипаттады. Журналисті кепілдікте ұстаған "Ислам әскері" деген топ оны Газаны басқарып отырған "Хамас" партиясына кеше тапсырды. Алан Джонстоннның босатылғанын бір қатар әлем басшылары жылы қабылдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сайлаудан соң
Жаңа мәжіліс, ескі спикер, Тоқаевтың кезекті уәдесі
-
Сардана Авксентьева
Ресейде Путин дәуірінің "соңғы тәуелсіз мэрі" неге отставкаға кетті?
AzattyqTV