Accessibility links

Мажарстан президенті Ласзло Солыйом бұрынғы бас министр Гыюла Хорнға орден берілмесін деп бұйырды


Гыюла Хорн бүгін 75 жасқа толып отыр, ол "Құрмет орденінің үлкен кресімен" марапатталуға ұсынылған болатын. Гыюла Хорн Мажарстанды социалистік кезеңде басқарған, социалистік заманнан демократияға өту кезеңінде елге еңбек сіңірді деп сипатталды. Алайда, ел президенті Гыюла Хорнға орден беруден бас тартты. Ол Гыюла Хорн 1956 жылы Совет Одағына қарсы жасалған төңкерісті басуға атсалысты, жартылай әскери жасақты басқарған деп көрсетті.
XS
SM
MD
LG