Accessibility links

Тайваньда балаларды асқа қатты үйір ететін жарыс өтпекші


ТАЙПЭЙ: Тайпэй қаласының әкімшілігі бүлдіршін балаларды тамақ асау жарысына шақырғаны үшін өткір сынға тап болды. Алдағы жексенбі күні өткізілетін осы жарыстың барысында күріш пен шошқа етінен дөңгелек түрінде пісірілген тағамды 3 минуттың ішінде мейлінше көп жеп үлгеру керек. Бұл тағам Тайвань елінің ең сүйікті асы көрінеді. Міне осы тағамды асау жарысына ересектермен қатар, мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі бүлдіршіндер де шақырылып отыр. Балаларды асқа үйір етеді деп есептеген дәрігерлер ол жарысты тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG