Accessibility links

АҚШ-та сенаторға қарсы сөз айтпаған адам “күдікті” болып ұсталды


ДЕ МУАН (АҚШ): Америка Құрама Штаттарының Айова штатындағы Де Муан қаласында пышақпен қаруланған ер адам ұсталды. Оған АҚШ сенаторы әрі президент сайлауына үміткер болып түсуі мүмкін Барак Обаманың өміріне қастандық жасамақ болды деген күдік түсіп отыр. Обама тоқтаған қонақ үйдің жанында тұрған автокөліктің ішінде ерігіп отырған 24 жастағы Дэвит Закарьянды күзетшілер байқап қалды. Бірақ, полицияның мәліметі бойынша, Закарьян сенаторға қарсы тіл қатпаған.
XS
SM
MD
LG