КАБУЛ: Ауған шенеунектерінің хабарлауынша, 28-інші маусым күні Ауғанстанның оңтүстік-батысындағы Нимроз облысында ұрланған неміс азаматы мен оның тілмәші босатылды. Ішкі істер министрлігінің өкілі Земарай Башари мәлімдегендей, бұл 2 адам полицияның көмегімен бүгін босатылды. Одан бұрын бүгін көрші Фарах облысының әкімі хабарлағандай, кісі ұрлаушылар неміс азаматын босату үшін 40 мың доллар ақша талап еткен. Әлгі 2 адамның бостандыққа жіберілуіне ақша төленді ме, жоқ па – ол белгісіз.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"