Accessibility links

Англиядағы террористік қатердің деңгейі “төтеншеден” “жоғарыға” дейін төмендетілді


ЛОНДОН: Тергеу барысында британ полициясы Глазго қаласының әуе жайын жармақ болған 2 жанпидашыл-террористің өлер алдында жазған хатына ұқсас хатты тапты. Онда әлгі 2 адам автокөлігіне орнатылған бомбаны жару арқылы өмірлерін қиғысы келетіндерін жазыпты. Полицияның жобалауынша, 29-ыншы маусым күні Лондонның орталығынан табылған бомба орнатылған 2 “мерседесті” де осы екеуі қалдырғанға ұқсайды. Лондон мен Глазгодағы сәтсіз қастандықтарға байланысты 8 адам, негізінен Үндістан мен Таяу Шығыстан шыққан дәрігерлер ұсталды. Ағылшын үкіметі террористік қатердің деңгейін “төтеншеден” “жоғарыға” дейін төмендетті.
XS
SM
MD
LG