Accessibility links

Пәкістанда өз шәкірттерін үкіметке қарсы көтерген имам оларды енді билікке берілуге шақырды


ИСЛАМАБАД: Исламабадтағы үкімет күштері қоршап алған мешіттен қашып құтылмақ болып қолға түскен бітіспес мұсылмандардың лидері - имам Маулана Абдул Әзиз өзінің ізбасарларын үкіметке берілуге шақырды. Мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде ол “Қызыл мешіттің” ішінде әлі 1 мыңдай шәкірттің, оның ішінде 600 қыз-баланың қалғанын хабарлады. Сәрсенбі күні “Қызыл мешіттің” 1 мыңдай шәкірті үкімет күштеріне берілді. Шариғат заңдарын бұлжытпай орындау үшін күрес жүргізген медресе шәкірттері мен үкімет армиясы арасындағы сейсенбі күні шыққан атыстың барысында кем дегенде 16 адам оққа ұшып, 150-дей адам жараланды.
XS
SM
MD
LG