Accessibility links

Қазақстанда тіркелген консорциум Түркиядағы мұнай-химия кәсіпорнын сатып алды


АНКАРА: Бүгін Түркиядағы мұнайдан химиялық өнімдер шығаратын “Petkim” мемлекеттік компаниясы акцияларының 51 пайызы саудаға қойылған тендерді оны 2 млрд. доллардан қымбатқа бағалаған Қазақстанда тіркелген “TransCentralAsia” консорциумы жеңіп алды. Мұнайдан химиялық өнімдер өндіретін “TransCentralAsia” холдингі 7 бақталасынан басым түсті. Оның өкілі хабарлағандай, консорциумды қазақтардың “КаспийНефть” компаниясы, “Еуразия” және Ресейдің “Тройка диалог” компаниясы бірлесіп құрған. Petkim – Түркияның мұнай химиясы саласының 1/3-ін қадағалайды.
XS
SM
MD
LG