Accessibility links

Косовода адамдардың ортақ көмілген мүрдесі табылды


Косово билігі 1999 жылғы Сербия провинциясындағы қақтығыста жаппай қырылған адамдардың мүрдесін ашып жатыр. Приштинадан 60 шақырымдай жердегі бұл мәйіттер көмбесі осы аптаның басында табылған. Бұл аймақ 1999 жылы этникалық Албан партизандары мен Серб күштерінің қақтығыс алаңы болған. Халықаралық қызыл крест ұйымының деректеріне қарағанда, қақтығыстардан кейін Косовода 5206 адам жоғалып кеткен болатын. Оның 2000 әлі табылған жоқ.
XS
SM
MD
LG