Accessibility links

Австралия полициясы үндістандық дәрігерлерді жауапқа алып жатыр.


Австралия полициясы өткен аптада Британияда бомба жарылысын жасамақшы болды деген күдікпен бес үндістандық дәрігерден жауап алып, осы оқиғаға байланысты екі ауруханаға тексеру жүргізуде. Австралияның батысындағы полиция Британияда Лондон мен Гласгоудағы шабуылдарға қатысы бар делінген бес шетелдік дәрігерді қамауға алынған соң дүйсенбі күні бір үндістандық дәрігерді ұстаған. Хабарларға қарағанда, Британияда қамауға алынғандардың екеуі осыдан екі жыл бұрын Австралияның батысындағы ауруханада жұмыс істеуге сұранған.
XS
SM
MD
LG