Исламабадтағы мешітті басып алған талибандық бағыттағы радикалды басшы имам өзі мен шәкірттері үкімет күштеріне берілгенше, азап көріп өлгені жақсы екенін айтты. Абдул Рашид Ғази мен оның дін жолындағы шәкірттері сейсенбіден бері үкіметтік күштер қоршауға алған Қызыл мешіттің ішінде әлі отыр. Хабарларға қарағанда, ондағы қақтығыста қаза болғандар саны кемінде 16-ға жетті. Қызыл мешіттің діни жетекшілері Пәкістан астанасында қатаң Ислам заңын орнатуға шақырып келген.
Қызыл мешітте бекінген имам өздерінің берілгеннен гөрі, азаптан өлгенді дұрыс көретінін айтты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV