Accessibility links

Қазақстан президентін сынайтын өлең оқып Алматыда көшеге шыққан әйелді полиция ұстап әкетті


Шілденің 6-күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 67 жасқа толуына орай Алматының орталық алаңына барып, әжуа-мысқыл өлеңдер оқымақ болып шыққан Қазақстанның «Солидарность» жұмысшылар қозғалысының жетекшісі Сахиб Жаңабаеваны полицейлер ұстап алып кетті. Құқық органының өкілдері Сахиб Ғалиқызын не үшін ұстағандын түсіндіруден бас тартты. Зейнеткер жасындағы Жаңабаева бұған дейін де президент Назарбаевтың шексіз мәрте президенттіке сайлану құқығына қарсы өз наразылығын білдіріп шыққан кезінде ұсталған болатын.

Қаптаған полицейлер Алматыдағы орталық алаңға Сахиб Жаңабаеваны жібермеген соң жыр сүйер зейнеткер, Абай көшесін асып, Лермонтов атындағы орыс драма театрының алдында өлеңдерін оқи бастады.

Новый праздник Казахстана, Скрещен быстро для страны. День рождения Нурсултана, С днем рождения Астаны!!!

Папа с дочкой замутили Президентский «холодец». Быстро всех объединили, Помирившись наконец.

Сахиб Жаңабаеваның жаңбырлы күні көшеге шығып, осындай жыр жолдарын көпшілікке арнауына мемлекет басшысы Назарбаевтың сөйлеген сөздері түрткі болыпты. «Қазақстан гүлденіп келеді» деген әңгімелерге күмәнмен қарайтын зейнеткер «халықтың жағдайы қандай екендігін ел президенті білмейтін шығар» деген оймен шығыпты.

- Полицияның мазасын алмай үйде отырайық десек, Назарбаев күнде «барлығы керемет» деп қоймайды. Мынасы өтірік қой, мен айтайын шынайы жағдайымды деп келдім.

Сахиб Жаңабаеваның айтуынша, оқылған өлеңдер президент Назарбаев басқарған жылдары Қазақстан қандай жағдайға жеткендігінен сыр шертеді.

Ведь живем, увы, не в Польше – А при хане Нурсултане. Здравствуй, новая эпоха – Превратившая нас в рыб...

Зейнеткер бүгінгі кешке дайындаған барлық өлеңдерін оқып үлгерді, бірақ полицейлердің «қармағынан» құтылған жоқ - өздерін таныстыруды жөн көрмеген полиция киіміндегі кісілер Сахиб Ғалиқызын Алматыдағы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына алып кетті. Алайда полицейлердің ешқайсысы зейнеткерді не үшін ұстағандығын журналистерге түсіндіріп жатпады.

Осыдан бір ай бұрын да Алматы полициясы Тәуелсіздік монументі жанында өлең оқыған төрт кісіні ұстап әкетіп, артынша-ақ аудандық прокуратура полицияның әрекетін негізсіз деп таныған еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG