Британияның Лондон мен Глазго қалаларында соңына жеткізілмеген бомба шабуылдарын жасады деп айыпталған азаматтардың соты басталды. Лондон сотында бүгін Ирақ азаматы, мамандығы дәрігер Біләл Абдұлланың ісі қарала басталды. Оның жасы 27-де, ол Британияда туған, Ирақта ер жеткен. Ол Глазго әуежайында 30 маусымда газ баллондары салынған мәшинені өртеді делінеді. Британияда 29-шы және 30-шы маусым күндері болған оқиғаларға байланысты жеті адам ұсталды.