Accessibility links

Ресейдің айтуынша, АҚШ “жаңа Берлин қабырғасын” құруда


Ресей премьер-министрінің орынбасары Сергей Ивановтың мәлімдеуінше, АҚШ-тың Орталық Европада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспары “жаңа Берлин қабырғасын” құруда. Ресей телеарнасынан сөйлеген сөзінде Иванов Польшада зымыранның, ал Чехияда радар бекетінің орнатылуы “Ресейге анық қауіп төндіреді” деп мәлімдеді. Ресей АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты жоспарына қарсылық танытып келеді. Ал Вашингтонның айтуынша, ол жүйе Иран мен Солтүстік Кореяның шабуылдарынан қорғану үшін керек.
XS
SM
MD
LG