Accessibility links

Ауғанстанда ресми билікті сынағаны үшін тұтқындалған 1 журналист босатылды


КАБУЛ: Ауғанстанда осыдан 4 күн бұрын ұсталған журналист Мир Хазар босатылды. Ресми билік оған қандай айып таққанын хабарламады. Хазардың кепіл ақшаға босатылғаны және оның үстінен қозғалған қылмыстық істің әлі жабылмағаны ғана белгілі. 1-інші шілде күні тұтқындалған Мохаммад Насиф Нанг деген басқа журналист әлі абақтыда отыр. Адамның құқын қорғайтын халықаралық ұйымдар ресми билікке қарсы көзқарастарымен танылған 2 журналисті де дереу босатуды талап етті.
XS
SM
MD
LG