Accessibility links

Францияның жаңа президенті көптен бері қалыптасқан бір дәстүрді бұзды


ПАРИЖ: Франция президенті Н.Саркози 14-інші шілде күні тойланатын Бастилия қамалын алған күні ұлттық мерекесіне байланысты рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қоюдан бас тартып, көп жылдан бері қалыптасқан дәстүрді бұзды. Саркози 50 мыңның орнына 61 мың адам отырған францұз түрмелерін босату үшін ғана рақымшылық жасау құқын пайдаланбайтынын, ерекше жағдайда ғана рақымшылық жасайтынын мәлімдеді. Өткен жылы сол кездегі президент Ж.Ширак Бастилия қамалын алған күні мерекесіне байланысты 3.5 мыңға кешірім жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG