ИСЛАМАБАД: Пәкістанның дін мәселелері бойынша министрі Иджаз-уль Хақтың кеше мәлімдегеніндей, бітіспес исламшылдар Исламабадтағы “Қызыл мешіттің” ішінде әйелдер мен балаларды кепілдікте күштеп ұстап отыр. Оның пікірінше, бүлікшілердің денін шамамен 250-дей экстремист, оның ішінде шетелдіктер құрайды. Ал осы кезде кеше діни көсемдердің бірі Абдул Рашид Газни мәлімдегендей, “Қызыл мешітке” бекініп алған өзі мен өзінің ізбасарлары қолға түсуден гөрі, өздеріне қол жұмсап өлуді қалайды. “Қызыл мешітті” үкімет күштері қоршап алған өткен аптадан бері 21 адам, оның ішінде “коммандос” құрамасының бір офицері оққа ұшты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV