АБУДЖА: Мұнайға бай Нигерияның оңтүстігіндегі кісі ұрлаушылар өздері ұрлап алып кеткен 3 жастағы британ қызын босатты. Маргарет Хилл - өткен бейсенбі күні автокөлікпен мектепке бара жатқан сәтінде Порт-Харкурт қаласында ұрланған болатын. Кісі ұрлаушылар алғашқыда қыз-баланы әкесіне айырбастауды талап етсе, одан кейін ол қызға құн төлеуді талап етті. Қыз-баланы босату үшін құн төленді ме, жоқ па – ол белгісіз.