ПРИШТИНА: Косоводағы партизан соғысының ардагерлері егер өлкеге Сербиядан тәуелсіздік берілмесе, қолдарына тағы қару алуға “дайынбыз” деп мәлімдейді. Косоводағы албандардың “Азат ету армиясы” ардагерлерінің осындай мәлімдемесі жексенбі күні Косовоның бірнеше газетінде жарияланды. Олар Косово парламентін дереу тәуелсіздік жариялауға шақырып, өлкені басқарып отырған халықаралық ұйымдардан, оның ішінде әсіресе - БҰҰ-ынан - оған бөгет болмауын сұрайды. Сербия мен оның одақтасы болып табылатын Ресей Косовоға тәуелсіздік беру туралы БҰҰ-ының жоспарына түбегейлі қарсы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?