Accessibility links

Ирақтағы шийттерге жататын түркімендердің бас қаласына шабуыл жасалды


БАҒДАД: Ирақтың тегі сүннит вице-президенті Тарик Әл-Хашеми демалыс күндері 200-ден астам адам қаза тапқан қантөгістен кейін, оның ішінде жарылғыш тиелген жүк автокөлігінің шабуылынан кем дегенде 130 адам қырылған қастандықтан кейін Ирақ халқының қару көтеріп өзін-өзі қорғауға құқы бар деп мәлімдеді. Құтқарушылар Әмірлі қаласының халық лық толған базарындағы сенбі күнгі қастандықтан қираған ғимараттардың астынан әлі де тірі қалғандарды іздестіру үстінде. Ирақтың солтүстігіндегі Әмірлі қаласы – шийттердің қатарына жататын түркімендердің мекені болып табылады. БҰҰ-ының Бас хатшысы Бан Ки-Мун әлгі қастандықтан қатты шошынғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG