Accessibility links

Қытай соты канадалық ұйғыр азаматын түрмеден босатпайды


БЕЖИН: Кеше Қытайдың Синьхуа агенттігі хабарлағандай, Қытайдың батысындағы сот “терроризммен айналысты” деген айыппен өткен сәуір айында түрмеге жабылған Канада азаматының өтінішін қанағаттандырмады. Ұлты ұйғыр Хусейн Селилдің канадалық азаматтығын есепке алмаған Қытай соты оны “терроризммен айналысып, елді бөлшектегісі келді” деген айып бойынша өмірінің соңына дейінгі мерзімге түрмеге жапты. Ресми Бежин ұйғыр топтарын елдің Шыңжаң өлкесінде тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құру үшін қантөгіске барды деп айыптап келеді.
XS
SM
MD
LG