ДУБАЙ: “Әл-Қаида” лидерінің “оң қолы” саналатын Айман Әз-Зауахири Ұлыбританияның Салман Рушдиге “рыцарь” мәртебесін беру туралы шешіміне “Әл-Қаида” тобының өз “жауабын” беруге әзірлеп жатқанын мәлімдейді. Ислам сайттарының бірінен берілген өзінің сөзінде Әз-Зауахири сөз бостандығын желеу етіп, Рушдиге “рыцарь” атағын берген Ұлыбритания өзінің “көзбояушылығын” көрсетті деп айыптады. С.Рушдидің 1988-інші жылы басылған “Сайтанның өлеңдері” атты шығармасы халықаралық жанжал туғызып, бірқатар мұсылман елі авторды “Исламға тіл тигізді” деп айыптаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты