Accessibility links

Өзбекстанда президенттік сайлаудың ешқандай белгісі байқалмайды


Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың соңғы президенттік мерзімінің аяқталуына алты айдан аз уақыт қалды. Бұл елде алдағы президенттік сайлау туралы ешқандай да ресми хабарлама немесе қандайда бір сайлау алды науқан жасалып жатқан жоқ. «Азаттық» радиосының тілшісі Өзбекстандағы дауыс берушілердің президенттік сайлау жайында ештеңе білмейтінін әрі бақылаушылар оның өтетініне күмән келтіріп отырғанын айтады.

Бүгінгі заманғы сайлауларда әдетте кандидаттар өз бағдарламаларымен, партиялар өздерінің саяси ұстанымдарымен таныстырып, сайлаушыларымен кездесіп, қоғамдық пікірталастарға қатысып жатады. Олар сондай-ақ, бірлесіп одақ құрумен қатар өзара айыптауларын айтып, жанжалдар да жасап жатады. Бұл әсіресе, демократиялық елдерде көрініс береді. Бірақ, бұл жағдайлар Өзбекстанда мүлдем бөлек болып отыр. Мұнда президент Ислам Каримовтың қазіргі президенттік мерзімі желтоқсан айының соңына дейін ғана болғанынан қарамастан, Өзбекстанда президенттік сайлаудың ешқандай белгісі байқалмайды. Азаттық радиосына сұхбат бергендердің бірі Ташкенттегі 38 жасар кәсіпкер Рустам да елде сайлауға қатысты ешбір қимыл-әрекет жоқ екенін айтады:

“Жоқ, бізде ешқандай ақпарат жоқ, ештеңе де” дейді ол.

Сонымен бірге, ташкенттік студент 19 жасар Жахонгир өзінің саясатпен айналысуға қызығатынын, дауыс беру жасына келген тұста өзінің алғашқы рет сайлауға қатысып, өз дауысн бергісі келетінін айтқан, бірақ ол да сайлау туралы ештеңе естімегенін алға тартады:

“Өкінішке қарай, мұнда сайлаулар туралы дәл қазір ешқандай ақпарат жоқ. Мен тек 18 жасқа толғаннан бері өзімнің дауыс беруге қатыса алатынымды білемін”.

Өзбекстанның Конституциясы бойынша, президент мемлекет басшысы ретінде екі мезгіл ғана отыра алады. Парламенттегі Оли мәжлис болса, алдағы президенттік сайлаудың өту уақытын белгілеп қойды. Өзбекстанның Конситуциялық Сотының мүшесі Бахтиор Мирбобоев «Азаттық» радиосының Өзбек қызметіне берген сұхбатында:

“Оли Мажлистің қарары бойынша, президенттік сайлаулар өтуі тиіс. Келесі президенттік сайлаулар 2007 жылдың желтоқсанындағы соңғы жексенбіде өтуі керек. Ол желтоқсанның 23-і болады. Сондықтан, мұнда Оли Мажлистің сайлау желтоқсанның 23-нде өтуі керек екенін нақтылайтын қарары бар”.

Қазіргі заңда да алдағы сайлаудың күні хабарланып, сайлау алды науқандар дауыс беруден алты ай бастылуы тиіс делінген. Бірақ, Өзбек билігінің ресмилері ешқандай хабарлама жасамай отыр. Орталық Сайлау Комиссиясының мүшесі Қочқор Тоғаевтың айтуынша:

“Бұл жерде ешқандай дайындық немесе сайлаулар туралы нақты бірдеңе жасалып жатқан жоқ” деген.

Елдегі мемлекеттік ақпарат бұлақтары да сайлау туралы ештеңе айтпай, тыныш қалып отыр. Бірақ, президенттің елдің әр аймағына жасаған сапары туралы кеңінен жазып жатыр. Кейбір тәуелсіз вебсайттар, әзірге президент сайлау туралы ештеңе айтпаса да, Каримовтың бұл аймаққа сапарын сайлау алды науқан болуы мүмкін деп жазды.

Тәуелсіз бақылаушылар, ол саяси сценарий болуы ықтимал деп жорамалдауда. Олардың көпшілігі басында Коммунистік парияның бірінші хатшысы ретінде сосын тәуелсіз мемлекеттік президенті болып 1989 жылдан бері ел басқарған Каримов билікті ұстап қалуға тырысады дейді.

Ал, сайлаудың талаптары туралы жақсы білетіндер тығырыққа тіреліп, оппозициялық топтар сайлау алды таласты басқа жолмен интернет арқылы бастап кетті.

Интернеттегі мақалалардың басым бөлігі Бірлік, Ерік партиясының мүшелері мен басқа да топтар және оппозициялық бағыттағы құқық қорғаушылар арасындағы бірін-бірі сынау, айыптаулардан тұрады. Олар аюға оқ тиіп атылмастан бұрын, аюдың терісін бөлісіп алуға әрекет етіп жатқандай көрінеді. Сөйтіп, олар өзбек оппозициясының өзара ішінде араздық тудырып жатқандай. Оппозициялық партиялардың бірі өздерінің президенттік сайлауға түсу ниеттерін танытып үлгерді. Мәселен, Бірлік партиясының жетекшісі Исмойл Дадажонов, процесс әлі тоқтап тұрса да өз партиясының оған қатысатын айтты:

“Бірлік партиясы орталық кеңесінің кеңейтілген жиналысында біз президенттік сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадық. Бұл шешім күшінде қалады. Бірлік партиясы сайлауға қатысады”.

Сонымен қатар, Ерік партиясы өзінің шет елде жүрген жетекшісі Мохаммед Солихты кандидат ретінде ұсынғанын хабарлады. Солих өзінің немесе партиясының бағыт бағдары туралы ашып айтпады.

“Біздің ұстанымымыз Каримов сайлау өткізе ме жоқ па сол анықталған соң барып жарияланады. Егер өтетін болса, сайлауға оппозиция қатыса ма? Егер оппозиция қатысса жағдайлары қалай болады?”
XS
SM
MD
LG