Accessibility links

Есінеудің мәнісі


Әдетте адамның есінеуін оның ұйқысы келуімен байланыстырады. Алайда, ғалымдар енді “есінеу ұйқы шақырмайды, керісінше, ұйқыны қашырады” деп есептейді.

Адам есінеуді сөйлеуден бұрын үйренеді. Маман-сарапшылардың жобалауынша, құрсақта жатқан сәби 20 аптадан кейін-ақ есіней бастайды. Кейбір адам да, жан-жануар да – не ерігіп отырғанында есінейді, не бір қатерлі іске бел буғанда, мысалға парашюттен секірер алдында есінейді. Өзгенің есінегенін көрген адамның өзі де еріксіз есіней бастайды. Іс жүзінде есінеудің тез “жұғатыны” соншалықты, есінеген адамның фотосуретін көріп отырған немесе есінеу туралы мақала-кітапты оқып отырған адам да еріксіз есіней бастайды. Есінеген адамның ұялшақтап ауызын қолымен жапқан дыбысы да еріксіз есінеу шақырады.

“Психологияның эволюциясы” журналының соңғы санында Олбанидегі Нью-Йорктің мемлекеттік университетінің ғалымдары есінеудің қыр-сырын зерттеп көрді. Олар 2 тәсілді қолдана отырып, есінеудің “жұққыш” қасиетін тоқтатудың амалын тапты. Ол тәсілдің бірі бойынша, сынақтың барысында бейнесюжеттен есінегендерді көріп отырған адам тек мұрнымен ғана демалатын болса, онда өзі есінемейді. Маңдайына 4 градустық салқын компресс қойса да дәл осындай нәтиже береді екен. Ғалымдар бұл 2 тәсілді алданыш емес деп есептейді. Маңдайға салынған салқын компресс те, мұрнымен демалу да – миды салқындатады. Зерттеушілердің болжауынша, есінеу – “миды салқындату” қызметін атқарады. Адамзат баласы дами келе, өз миының температурасын қалпында ұстау үшін есінеу қабылетін жетілдірді. Одан қандай қорытынды шығаруға болады? Есінеу – ұйқыны шақырмайды, қанның айналымын жеделдетіп миды салқындату арқылы – ұйқыны қашырады.

AzattyqTV

Астана маңындағы ауыл

Қояндылықтар жол сұрайды

XS
SM
MD
LG